Сыбайлас жемқорлыққа

«Мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына қатысты (ZIP 9 Kb)

Қосымша (ZIP 1997 Kb)

Киров ауылдық округi әкiмiнiң
2017 жылғы «2» қазандағы № 29-ө
өкiмiмен бекiтiлген

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров
ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы жүрiс-тұрыс стандарты

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүрiс-тұрыс стандарты (бұдан әрi — Стандарт) «Сыбайлық жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрлендi және ауылдық округiнiң әкiмi ақпарттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қмтамасыз етудi iске асыру кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастар саласындағыц сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсыныстар жүйесiнен тұрады.

2. Стандарт «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметшiлер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты жүрiс-тұрысын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiмен есептеушiлiк ахуалына жету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытында анықтау және олардың керi салдарын болдырмау үшiн жазылған.

3. Стандарта қағидаттары:

1) заңдылық;

2) транспаренттiлiк;

3) әдептiлiк;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкiлеттiктерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын башылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты емес.

5. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында (соның iшiнде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл,мемлекеттiк қызмет туралы):

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру кезiнде келесiлердi қамтамасыз етедi:

Адамзаттардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын ,азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерi мен сарсанға салмауға жол бермеудi;

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асырудың ең аз мерзiмiн;

Мемлекеттiк қызмет стандарты мен регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк қызметтiң көрсетуiн;

Ата-тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмi, тұрғылықты жерi себептерiне немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша қандай-да бiр кемсiтусiз қызмет алушыларға бiрдей рұқсатты;

жолбермеушiлiк:

мәселенi әдiл шешуге мүдделi емес деп ойлауға негiз бар тұлғаға азаматтың өтiнiшiн қарау жүктелген кезде;

шағым түсiрген тұлғаға зиянын тигiзуге немесе кiмге қатысты жазылғанның мүддесiне;

өтiнiште iрекеттерi шағымдалатын лауазымды тұлғаларға өтiнiштер бағыттауға;

азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi, жеке және отбасының құпиясы туралы тарату мүмкiндiгiне;

өтiнiшке қатысы жоқ азаматтың тұлғасы туралы деректердi орнатуға.

2) басшылық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде өз құзiретi аясында қамтамасыз етедi:

құзiреттiлiктердi дәл шектеудi және барлық құрылымдық бөлiмшелер мен лауазымды тұлғалардың келiсiлген жұмыс iстеуiн;

лауазымдық өкiлеттерiн орындауға қатысы жоқ емес және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмаларын шығаруға жол бермеушiлiктi;

туыстық, жерлестiк және жеке адалдығы белгiлерi бойынша кадрларды iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеушiлiктi;

меритократия қағидаларын сақтауға;

қабылданатын шешiмдерiнiң заңдылығына дербес жауапты болады.

3) нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобасын дайындаған кезде қамтамасыз етедi:

нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын дайындаған кезде, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын дайындауға жауапты, заңды бөлiмшедегi өңдеушi-орган қызметкерлерiнiң мiндеттi түрде қатысуы;

Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлердiң ұлттық палатасы өкiлдерiнiң және жеке кәсiпкер адамдардың мүдделерiн тудыратын, нормативтiк құқықтық актiлердi өңдегендегi жеке кәсiпкер адамдар тiркелген бiрлестiктiң мiндеттi түрде қатысуы;

жобаға сипаттамалар алу үшiн, қоғамдық кеңестерге азаматтардың бостандықтары мен мiндеттерi, құқыққа қатысты нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын жолдау.

4) күнделiктi әрекетiнде:

Қоғамның мемлекеттiк қызметiне, мемлекетке және оның институттарына сенiмiн сақтайды және нығайтады;

жалпыға бiрдей моральдық-әдеп нормаларын сақтайды;

мемлекеттiк билiк абыройын сақтауды және Қазақстан Республикасының беделiн түсiруi мүмкiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн әрекеттердi болдырмауды, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруды, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада бекiтiлген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтауды қамтамасыз етедi;

лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалануға алып келетiн әрекеттер және оларға негiзделген жеке, топтық және өзге қызметтiк емес мүдделердегi абыройларды жасауға жол бермейдi;

кешiктiрмей басшының мәлiметiне және (немесе) құқық қорғау органдарына өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;

қажет жағдайда тiкелей немесе тура басшының мәлiметiне мүдделер қақтығысының пайда болуы туралы, қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде жеке қызығушылықтың пайда болуы туралы, сыбайлас жемқорлық мiнез-құлыққа итеру мен сыйлықтар алу туралы хабарлайды;

әдiл қызметтiк шешiмдi қабылдауға әсер ете алатын өзара қатынастардың орнатылған тәртiбiн бұзатын заңсыз өтiнiштермен әрiптестерi мен басшыларына өтiнiш бiлдiруден бас тартады;

қызметтiк өкiлеттiлiктi орындауға байланысты сыйлықтар алмайды және бермейдi;

мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтарды алу нмесе беру мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге ақпаратты пайдаланбайды;

егер тiкелей қол астындағы немесе басшылығындағы тұлға жақын туыстық қатынастарда (ата-аналары, жұбайлары, аға-iнiлерi,апа-қарындастары, балалары) болса, лауазымға тағайындаудан бас тартады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсендiлiк танытады;

кешiктiрмей, жазбаша түрде тiкелей басшыға орындау үшiн алған өкiмнiң заңдылығына күмәнi туралы хабарлайды;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi сақтауды ұстанады;

тұрақты негiзде мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың салдарынан пайда болу мүмкiндiгiнiң себептерi мен жағдайларын жою бойынша шаралар қабылдайды;

қызмет тәртiбiн және қызмет этикасын сақтайды;

басшылыққа қатысты жеке адалдығына, өзiнiң лауазымдық мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылық алуға ұмтылуға жол бермейдi;

өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшiн азаматтық-құқықтық, тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

6. Басшы:

өзiнiң жүрiс-тұрысымен әдiлдiк, адалдық,риясыздық, тұлғаның ары мен қадыр-қасиетiне құрметiнiң үлгiсi болып қызмет етедi;

жеке дара басшылық қызмет жолымен басшылықты iске асыруды және қабылданатын шешiмдерiнiң заңдылығына дербес жауапты болады;

қол астыларындағылардан олардың лауазымдық өкiлеттiктерiнiң аясынан шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпейдi;

қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында қол астындағы қызметкерде пайда болған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақытында жан-жақты шаралар қабылдайды;

сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкiндiк туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдайды;

қол астындағылармен құмар ойындарына қатысуға өзiне-өзi тиым салады;

қол астындағы қызметкерлердiң арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайына және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеулерiне дербес жауапты болады.

7. Тiршiлiк әрекетi салаларының ерекшелiгiнен туатын басқа да өзара қатынастағы мiндет:

мемлекеттiк қызмет көрсету және өтiнiштердi қарастыру кезiнде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерi мен бостандықтарын, құқықтарын қорғау және сақтау қамтамасыз етiлсiн;

ауылдық округ әкiмiнiң материалды-техникалық, ұйымдастыру-құқықтық және ақпараттық-талдауқызметiнiске асыру кезiнде, Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етсiн;

әкiм аппараты басшысы баяндайтын бюджеттiк бағдарламаларды жасаған кезде, жергiлiктi маңызды мәселелердi қаржыландыру жөнiнде ұсынысты жергiлiктi қоғамдастық жиналысында талқылауға салынсын;

мемлекеттiк құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе, қылмыстық, жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртiптi және заңды қолдау мәселелерi жөнiнде қамтамасыз етсiн.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO