«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы № 435 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне Пресс-релиз

Осы нормативтік - құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 104, 109-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 2-7)-тармақшасыма болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Киров ауылдық округінің бюджетін нақтылау көзі ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын ұлғайту, 2021 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын бөлу болып табылады:

Кірісті ұлғайту:

402 301 «Ағымдағы нысаналы трансферттер» — 10815 мың теңге сомасына.

124022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ үшін қызметтік автокөлік сатып алуға 5799 мың теңге сомасында шығындар ұлғайтылсын;

124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін» бағдарламасы бойынша 3142 мың теңге сомасында мемлекеттік қызметшілердің жалақысына, аударымдар мен салықтарға және қазандық орнатуға;

124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 700 мың теңге сомасында көше жарығын төлеуге;

124032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың күрделі шығыстары» 1174 мың теңге сомасында қазандық сатып алуға.

Қосу:

801101 — «Бюджет қаражатының бос қалдықтары» — 256,9 мың теңге сомасына.

Олар келесі бюджеттік бағдарламаларға жіберіледі:

124013 — «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» — қысқы маусымда автомобиль жолдарын ұстауға 256,9 мың теңге сомасында

124048 — «Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» — 2,7 мың теңге сомасына.

 Киров ауылдық округінің әкімі Қ. Ищанов

08.10.2021
Қараулар: 90
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO