«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округiнiң 2021-2023 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешiмiнiң жобасына пресс-релиз

Осы нормативтiк-құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 9-1 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешiмдi қабылдаудың мақсаты-мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Киров ауылдық округiнiң 2021-2023 жылдарға арналған бюджет кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң ережелерiн және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi ескере отырып, 2018-2019 жылдардағы есептелiнген және төленген салық сомалары, 2019 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 52-1-бабының негiзiнде есептелген.

Киров ауылдық округiнiң 2021 жылға арналған бюджет түсiмдерiнiң болжамды көлемi 3094 мың теңге, 2022 жылға — 3249 мың теңге, 2023 жылға — 3415 мың теңге сомасында белгiлендi.

2021 жылға аудандық бюджеттен 18636 мың теңге, 2022 жылға 18745 мың теңге, 2023 жылға 18858 мың теңге сомасында трансферттер түсiмi жоспарлануда.

Киров ауылдық округiнiң бюджетiнiң жалпы көлемi 2021 жылға 21730 мың теңгенi, 2022 жылға 21994 мың теңгенi, 2023 жылға — 22270 мың теңгенi құрайды.

Нормативтiк-құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешiм жобасы «Электрондық үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.

Киров ауылдық округiнiң әкiмi Қ. Ищанов

04.11.2020
Қараулар: 357
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO