Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк отыз күн кезеңi бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2019 жылдың 08 шiлдесiнен бастап 2019 жылдың 26 шiлдесiн қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелердi шығарған күн конкурстың соңғы күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 2019 жылдың 29 шiлдесiнде 18 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелерi шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.
  6. банкiлiк кепiлдiк немесе тартылған инвестициялар көлемiн растау туралы қаржылық институттың несиелiк комитетiнiң оң шешiмi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныс, беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Конкурстық ұсыныммен жабық конвертте «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс» және «2019 жылдың «29» шiлдесiне дейiн: Ашылмасын» жазбасы көрсетiледi.

Талаптарына сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкiмiнiң www.tsh.sko.gov.kz, «СҚО Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ
www.ozo-tsh.sko.kz сайтында немесе 8(71536)226-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады. 

Қосымша (DOC 52 Kb)

07.06.2019
Қараулар: 992
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO