АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ    10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама)  бірінші  жариялымынан  күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2021 жылдың 2 тамызынан бастап 2021 жылдың 20 тамызы бойынша өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында   2021 жылдың 23 тамызында 10 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелері шығарылады.

Конкурстың шарттары :

ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер комиссиясы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ жалпы ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады (баллдар салынатын инвестициялардың болжамды көлемі бойынша 1 гектарға, әрбір сұралатын учаскеге мың теңгеге беріледі).

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы конкурстық ұсынымды беру жағдайларынан басқа, нөмірленген беттерімен тігілген түрде        «2021 жылдың 23 тамызына дейін ашылмасын» жазбасы көрсетілген, жабық конвертте ұсынылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім талаптарға сәйкес келмесе, қабылдамай алып тастауға жатады.

            Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімінің www.tsh.sko.gov.kz,  «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ  www.ozo-tsh.sko.kz  сайтында немесе    8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.

Лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

площадь, га

Бонитетің орташа баллы

Жер учаскесінің орналасқан жері

 

1

Егістік: егіс даласы №53- 13,8 га

13,8

60,5

Рощинск ауылдық округі

2

Егістік: егіс даласы №68-2 - 13,2 га

13,2

60,5

Рощинск ауылдық округі

3

Табиғи жайылымдар.: егіс даласы №5-1-1 – 22 га, егіс даласы № 2-2-1 – 38 га, егіс даласы №4 – 49 га, егіс даласы №2-1-1- 90 га, жолдар – 1 га, өзгелері - 10 га

210

26,2

Рощинск ауылдық округі

4

Егістік: егіс даласы №6-2 - 9 га

9

58,2

Рощинск ауылдық округі

5

Егістік: егіс даласы №14- 7,4 га

7,4

60,4

Рощинск ауылдық округі

6

Егістік: егіс даласы №10 – 124 га, табиғи жайылымдар.: егіс даласы №4 – 6 га, жолдар -1 га

131

49,6

Рощинск ауылдық округі

7

Табиғи жайылымдар.: егіс даласы №3 – 4,4 га, егіс даласы №4 – 5,1 га, егіс даласы №2 – 21 га, жақсартылған жайылымдар: егіс даласы №10 – 12,1 га, су асты – 0,2 га, оның ішінде жасанды су қоймалары – 0,2 га, өзгелері – 0,4 га

43,2

14,2

Рощинск ауылдық округі

8

Табиғи жайылымдар.: егіс даласы №г.1 – 251 га, жолдар – 1 га

252

5,8

Рощинск ауылдық округі

9

Табиғи жайылымдар: егіс даласы №7-2-2 – 38 га, егіс даласы №4-3 – 93 га, гурт 1 – 84 га, жолдар – 2 га, өзгелері – 8 га

225

10,1

Рощинск ауылдық округі

10

Егістік: егіс даласы №31 – 81 га, орман жолақтары – 4 га, жолдар – 0,4 га

85,4

47,1

Зеленогай ауылдық округі

11

Егістік: егіс даласы №14-2 – 93,7 га, жолдар – 0,8 га.

94,5

34,1

Донецк ауылдық округі

12

Егістік: бақша– 33 га

33

62,9

Донецк ауылдық округі

13

Егістік: егіс даласы №15 – 140,6 га, жолдар – 0,4 га

141

49,5

Донецк ауылдық округі

14

Егістік: егіс даласы №19 – 48,7 га

48,7

48,4

Чкалов ауылдық округі

15

Егістік: егіс даласы №37 – 47 га

47

52,2

Чкалов ауылдық округі

16

Табиғи жайылымдар.: егіс даласы №7-2 – 74 га, егіс даласы №7-3 – 169 га

243

18,6

Чкалов ауылдық округі

17

Табиғи жайылымдар.:егіс даласы №2 – 222 га, жолдар – 1 га.

223

5,9

Алабота ауылдық округі

18

Табиғи жайылымдар.: егіс даласы №1 – 216 га, жолдар – 1 га.

217

5,0

Алабота ауылдық округі

19

Табиғи жайылымдар кос. – 6 га, №Г-3 – 221 га, егіс даласы№9-3-2 – 116 га, бұтақтар – 6 га, батпақтар– 6 га, жолдар– 3 га

358

22,8

Летовочный ауылдық округі

20

Табиғи жайылымдар: егіс даласы №Г-3 – 353 га, бұтақтар – 10 га, батпақтар- 2 га, жолдар – 2 га

367

18,4

Летовочный ауылдық округі

21

Егістік: егіс даласы №25 – 47,2 га, табиғи жайылымдар.: кос. – 1 га

48,2

57,2

Чермошнян ауылдық округі

 

Барлығы: 2810,4 га соның ішінде: Егістік - 884,6 га, жайылымдар – 1742 га

 

 

 

 Лоттар

02.07.2021
Қараулар: 629
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO