Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-1-бабына және фермерлiк немесе шаруа қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану «жалға» құқығын беру бойынша Ережелерiне сәйкес, 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайта конкурс өткiзедi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк отыз күн кезеңi бойынша қайта конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 10 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2019 жылдың 29 шiлдесiнен бастап 2019 жылдың 09 тамызын қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күнi нәтижелердi шығарған күн болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi,197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 2019 жылдың 12 тамызында сағат 10.00-де конкурстық өтiнiмдермен конверттердi ашу және нәтижелердi қорытындылау жүргiзiледi.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.
  6. банкiлiк кепiлдiк немесе тартылған инвестициялар көлемiн растау туралы қаржылық институттың несиелiк комитетiнiң оң шешiмi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыным, нөмiрленген беттерiмен, тiгiлген түрде, жабық конвертте ұсынылады, оны «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларынан басқа.

Конкурстық ұсыныммен жабық конвертте «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс» және «2019 жылдың «12» тамызына дейiн: Ашылмасын» жазбасы көрсетiледi.

Талаптарға сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдануға жатпайды.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкiмiнiң www.tsh.sko.gov.kz, «СҚО Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ www.ozo-tsh.sko.kz сайтында немесе 8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.

Лот № Жер телімінің қысқаша сипаттамасы Алаңы, га Мөлшерленген орташа бонитет баллы Жер телімінің орналасқан жері
1 Егістік: егіс даласы: № 1-210 га, №2 -221 га, №3 – 308 га, №4-279 га, табиғи жайылымдар 4 кос.- 1га., кос. 2 – 4 га., 2 кос – 18, 3 кос.- 75 га., кос.1 – 5 га., жақсартылған жайылымдар 1-1 – 45 га., 8-1 – 156 га, 8-2 – 47 га., бұтақтар - 1 га., жолдар– 5 га. 1375 23,8 Амандық ауылдық округі
2 Тыңайма: егіс даласы: №6 – 303 га, №5 – 258 га, жолдар 3 га 564 27.0 Амандық ауылдық округі
3 Егістік: егіс даласы: № 12 – 104 га 104 45.0 Донецк ауылдық округі
4 Егістік: егіс даласы: №12 – 55 га 55 45.0 Донецк ауылдық округі
5 Егістік: егіс даласы: № 13 – 325 га, №15 – 306 га, №16 - 117 га, бұтақтар- 3 га, орман жолақтары- 2 га, жолдар – 2 га 755 44.0 Донецк ауылдық округі
6 Егістік: егіс даласы: № 8-1 – 155 га, №8-2 – 64 га, №9 -287 га, №14-1 – 254 га, №14-2- 131 га, табиғи жайылымдар кос.- 38 га, бұтақтар– 3 га, саз – 8га, жолдар– 4 га 944 40.0 Донецк ауылдық округі
7 Егістік: егіс даласы: №3 – 324 га, №4 – 206 га, табиғи жайылымдар: кос.3 – 8 га, кос4 – 5 га, бұтақтар– 2 га, жолдар– 2 га, саз – 2га, 549 43.0 Донецк ауылдық округі
8 Егістік: егіс даласы: №2 – 239 га, №1-1 -161 га, №1-2- 138 га, табиғи жайылымдар : кос2 – 8 га, кос1-2 – 6 га, кос1-1- 1 га бұтақтар – 2 га, жолдар- 2 га,саз – 2 га 559 37.4 Донецк ауылдық округі
9 Егістік: егіс даласы: № 19 – 355 га, №21 – 60 га, жолдар – 1 га 416 60.4 Донецк ауылдық округі
10 Егістік: егіс даласы: №22 – 375 га, №-21 – 312 га, жақсартылған жайылымдар: 4-1 – 47 га, жолдар – 1га 735 43.1 Донецк ауылдық округі
11 Егістік: егіс даласы: №9 – 344 га, Жақсартылған жайылымдар: 3-1-8 га, табиғи жайылымдар: кос 1 – 1 га, кос2 – 5 га, жолдар -2 га, басқа– 8 га 368 46,5 Донецк ауылдық округі
12 Егістік: егіс даласы: №25 – 387 га, табиғи жайылымдар . кос1 - 17 га, жолдар – 1 га 405 42.5 Большеизюм ауылдық округі
13 Егістік: егіс даласы: № 8 – 265 га, жолдар - 2 га. 267 58.9 Большеизюм ауылдық округі
14 Егістік: егіс даласы: №21 –29 га. 29 44.9 Келлер ауылдық округі
15 Егістік: егіс даласы №6 – 422 га. 422 43.4 Алабота ауылдық округі
16 Егістік: егіс даласы: №4 – 39 га., Жақсартылған жайылымдар: №4-2 – 56 га., табиғи жайылымдар кос. – 1 га., жолдар- 1 га. 97  24.8 Алабота ауылдық округі
17 Егістік: егіс даласы: №59-2 – 64 га., орман жолақтары - 2 га 66 62.0 Тихоокеан ауылдық округі
18 Егістік: егіс даласы: №57 – 42 га. 42 59.2 Тихоокеан ауылдық округі
19 Табиғи жайылымдар : егіс даласы: №2-2 -48 га, 2-1- 27 га, 1-2 – 57 га, су асты- 1 га, жолдар- 1 га 134 5,6 Теңдік ауылдық округі,  Бірлік а.,
20 Тыңайма: егіс даласы: №52 – 16 га, жайылымдар: егіс даласы: №19-1 – 5га, №Г7-1 – 141 га, жолдар – 1 га 163 23.2 Тихоокеан ауылдық округі
21 табиғи жайылымдар: егіс даласы: №ГУ -2 – 53 га, №ГУ-4 – 21 га су асты- 1 га, жолдар-1 га 76   17.1 Тихоокеан ауылдық округі
22 табиғи жайылымдар : егіс даласы: № 1-160 га, жолдар– 1 га 161 24.5 Тихоокеан ауылдық округі
23 табиғи жайылымдар: егіс даласы: №4-1 -75 га, №4-2 – 112, №8 – 387 га, №5 – 181 га, №7 – 279 га, №2-1 -32 га, №6 – 245 га, №2-2 – 68 га, кос – 3 га, кос2 – 4 га, кос3 – 10 га, № 1-2 – 93 га, 3мол – 363 га, №1-1 – 65 га, 1кор – 245 га, инд.ск. – 86 га, 2кор – 258 га, су асты- 1142 га. оның ішінде көлдер 1112 га, өзендер1 га, жасанды суқоймасы 29 га, жолдар:7 га, басқа: 67 га 3722 19.0 Тихоокеан ауылдық округі
24 Табиғи жайылымдар: егіс даласы Г7-3,4-366 га, №20-1-14 га, №20-2-81 га, №15-1-254 га, №Г6-1,2,3,4-100 га 815 9.1 Тихоокеан ауылдық округі
25 Тыңайма: егіс даласы №41-15 га, табиғи жайылымдар: егіс даласы: №Г6-1,2,3,4-660 га, №16-4-209 га, №15-6-7 га, №16-3-10 га, №16-2-70 га, №16-1-24 га, Г10-4-30 га 1025 9.1 Тихоокеан ауылдық округі
26 Тыңайма: поле №35 – 160 га, жолдар- 1га 161 38.6 Тихоокеан ауылдық округі
27 Тыңайма: егіс даласы: №1-1 – 86 га, паст. улуч. №3-1-48 га 134 23,2 Тихоокеан ауылдық округі
28 Тыңайма: егіс даласы: №57 -54 га 54 59.1 Тихоокеан ауылдық округі
29 табиғи жайылымдар : егіс даласы: №10-2 -121 га, кос1 -10 га, кос.10 – 20 га, бұтақтар 20 га, жолдар: 1 га 172 37.9 Тихоокеан ауылдық округі
30 Жақсартылған жайылымдар: егіс даласы: № 6-2 – 155 га, №6-4 – 30га, табиғи жайылымдар кос1 – 10 га, кос 2 – 2 га, басқа 1 га 198 24.6 Летовочный ауылдық округі
31 Тыңайма: егіс даласы: №36-1 – 19 га, жайылымдар: №13-2-2- 100 га, №13-3-2 83 га, № Г4 – 145 га, Г5- 403 га, 11 кос – 5 га, саз – 22 га, су асты 185 га, оның ішінде көлдер 185 га, жолдар – 3 га. .  965 14.0 Летовочный ауылдық округі
12.07.2019
Қараулар: 1006
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO